Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото: Sputnik / Стрингер

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қазцик кентіне жақын жерде орын алған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан.

Әзірге, қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені анықталған жоқ. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалған.

Daewoo Nexia-да отырған бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux-тың жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.

Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының себептерін және жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар қаласының орталығында жол апаты болғанын жазған едік. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан соң жиектастарды бұзып, жарық бағаны мен ақпараттық белгілерді қағып, жарнама тақтасына соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар – 6 және 15 жаста. Ешқандай ауыр жарақат жоқ. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жатқызылды, біреуі бас тартты", – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914030-almatyda-eki-zenil-kolik-betpe-bet-soqtygysyp-bir-adam-koz-zumdy/

pixel