Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесті деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Төле би көшесі
Фото: facebook.com/alexey.kurapov

Қызыл кітапқа енген емен ағаштарын кесу ісі бойынша күдікті деп танылған Жанна Нұртаева айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Судья Жанна Нұртаеваны Қазақстан Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, үкім шығарды.

Оған 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекет қазынасына қаржы төлеу міндеттелді. Бұл шамамен 4 миллион 167 мың теңге.

Төлеу мерзімі - үкім заңды күшіне енгеннен кейін екі ай.

Айыппұл төленбеген жағдайда мәжбүрлі шара орындалады және жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Судья үкімді түсіндіру барысында сотталушының қамқорында кәмелетке толмаған 2 баласының барын және бұрын сотталамағанын есепке алғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді. "Sulpak" электроникалық сауда үйінің алдындағы 9 түп ағаш заңсыз кесілгені туралы қоғам белсенділері де жазды. Осылайша, бұл қоғамдық резонансқа айналған еді.

Өткен жылы 24-қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Президент Бақытжан Сағынтаевқа тапсырма берді.

Кейінірек, Алматы прокуратурасы "Sulpak" дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағашты заңсыз кесуіне қатысты тексеруді бастағаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914039-almatyda-tole-bi-kosesindegi-agastardy-kesti-dep-aiyptalgan-aielge-sot-ukimi-syqty/

pixel