RU

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы жағдай 22 мамыр күні Қоржынкөл көлінде орын алған.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 19:04-те Ерейментау аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Қоржынкөл көлінде 18 жастағы жиені суға батып кеткені туралы айтқан

Ведомство жас жігіттің суға батып кетуіне судағы қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болғанын мәлімдеді.

Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарды су айдындарында қырағылық пен сақтыққа шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ерекше сурет түсірмек болған жас жеткіншектердің ойы қайғылы оқиғамен аяқталған еді. Қауіпті жерде селфи жасағысы келген екі жасөспірім оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жасөспірімді жедел түрде ауруханаға жеткізген. Жеткіншектердің үстіне бетон плитасы құлап кеткені анықталып отыр.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданында қайғылы оқиға орын алған болатын. Мұнда бір жас жігіт жергілікті су қоймасында әдемі селфи түсіруге тырысып, ажал құшөан.

Одан бөлек, Қызылорда қаласында да 22 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914060-aqmola-oblysynda-18-zastagy-zigit-kolge-batyp-ketti/