Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Селфи жасаған": СҚО-да демалуға барған мұғалім мен оқушы суға батып, мерт болды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: piqsels.com

1994 жылы туған колледж мұғалімі мен 2001 жылы туған студент Петропавл қаласына жақын орналасқан "Сосновый бор" демалыс аймағында Есіл өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиғаның алдында олар суретке түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ nілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері 40 келеңсіз жағдай тіркеліп, екі адам суға батып, қаза тапқан. Одан бөлек, үш адам құтқарылып, 13-і эвакуацияланды.

"Сосновый Бор" демалыс аумағында 1994 және 2001 жылы туған екі қыз суға батып кетті.

23 мамырда Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің 4-курс студенттері түстен кейін "Волна" демалыс аймағында 12 адаммен келген. Олардың арасындағы ең үлкені кураторы болды. Демалыс аймағында студенттер күрке жалдаған. Күндізгі сағат 16:00-ге жуық олар Есіл өзенінің жағасындағы "Сосновый Бор" демалыс аймағына суретке түсуге барған.

Демалушылар суда топтық фотоға түсуді ұйымдастырған, содан кейін олардың басым бөлігі жағаға шыққан.

Ал суда қалған 1994 жылы туған топтың кураторы мен 2001 жылғы қыз бірге тұрып, селфи жасай бастаған.

Аталған аумақтың толқыны қатты, суы мұздай, сонымен қатар жартастары көп еді. Екі қыз байқаусызда сүрініп кетіп, судың астында қалды", - деді ведомство.

Бұл жағдайды көзімен көрген курстардың бірі суға секіріп, екеуін құтқаруға әрекеттенген. Алайда оларды таба алмапты.

Сағат 17.05-те Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне аталған оқиға жайлы хабарлама келіп түскен.

Жедел топ оқиға орнына келіп, сүңгуірлер тінту жүргізіп, тіршілік белгілері жоқ екі қызды ағынның 50 метрдей төменгі жағынан тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914073-selfi-zasagan-sqo-da-demaluga-bargan-mugalim-men-oqusy-suga-batyp-mert-boldy/

pixel