RU

Цифрлық даму вице-министрі Ashyq-тағы ақаулар үшін кешірім сұрады

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ashyq қосымшасындағы ақаулар үшін кешірім сұрады. Ол техникалық олқылықтардың себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ashyq қосымшасындағы техникалық мәселелер мен ақаулар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз. Мемлекет Ashyq жүйесін балансқа қабылдады. Соңғы күндері "Ұлттық ақпараттық технологиялар" операторына толық енгізу мен бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Енді техникалық ақауларға байланысты мәселені біздің ұлттық оператор бақылайды. Барлық маманның санаты жоғары, олар сервис тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген ойдамын",- деді вице-министр Әсет Тұрысов.

Осыған дейін Ashyq қосымшасындағы ақаулар басқа серверге көшумен ғана емес, қолданушылардың үлкен ағынымен түсіндірілген еді.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 375 014 жетті.

Бүгін денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялады. Оған сәйкес, бір күнде КВИ бойынша 2 өңір "сары" аймаққа, тағы 2 облыс "жасыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914109-cifrlyq-damu-vice-ministri-ashyq-tagy-aqaular-usin-kesirim-surady/