Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті көлігінің жүксалғышынан табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Қырғызстанның Нооқат ауданында 21 жастағы жігіттің мәйіті өз көлігінің жүксалғышынан табылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Ош облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 23 мамырда милицияға Алашан ауылының 38 жастағы тұрғыны інісінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол 21 мамырда күндіз Daewoo Lacetti көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Милиция Көк-Жар ауылындағы шайхананың ауласынан жігіттің көлігін тапты. Ал жігіттің денесі көліктің жүк салғышынан табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Осыған орай, тиісті сараптама тағайындалды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Көк-Жар ауылының 17 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Мексикада соңғы 20 жылдың ішінде кем дегенде 30 адамды өлтіргенін мойындаған 72 жастағы ер адам қамауға алынғанын жазған едік.

Мексикалықтың үйін тінту кезінде полицейлер көптеген адам сүйегін тапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам марқұмдардың етін жартылай жеген. Сонымен қатар, зейнеткердің үйінен әр жылдардағы құрбандарының құжаттары мен жеке заттары тәркіленді.

Сондай-ақ, күдіктінің үйінен қыл ара мен аудиожазба табылды. Полиция ол Рейна Родригесті өлтіріп, бөлшектеген деп санайды. Күдіктінің нақты қанша адамды өлтіргені ДНҚ сараптамасынан кейін анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914112-zogalyp-ketken-21-zastagy-zigittin-maiiti-koliginin-zuksalgysynan-tabyldy/

pixel