Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік түлектер кешін өткізуге қатысты өз ұстанымын жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Білім және ғылым министрлігі мектепті бітіруге арналған түлектер кешін өткізуге қатысты ресми ұстанымын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова аттестат тапсыру салтанаты мектептерде өтетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, түлектер кешін өткізуге рұқсат жоқ.

"Мектептің ауласында салтанатты шара ұйымдастырылады. Сол жерде түлектерге аттестат табысталады. Оны да кесте бойынша өткізеді. Ал ары қарай кеш өткізуге тыйым салынған", - деді Мелдебекова .

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы "әрбір мұғалім мен оқушы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және коронавирустың қаупін түсінуі керек" деген пікірде.

Оның айтуынша, бүгінде мектепте аттестат тапсырудың тәртібі бар. Барлық мектепке нұсқаулар жіберілді.

"Мұғалімдер де бәрін бақылайды. Ал мектептен кейін көпшілік шара ұйымдастырылса, жергілікті билік тиісті шара қолданады", - деп түсіндірді Майра Мелдебекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914114-ministrlik-tulekter-kesin-otkizuge-qatysty-oz-ustanymyn-zariyalady/