Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл неше түлек мектеп бітіреді

Опубликовано:

Түлек
Фото: 7-su.kz

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова биылғы оқу жылында неше оқушының мектеп бітіретінін айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның мәліметінше, Қазақстанда қазіргі уақытта 3 миллион 400 мыңнан астам оқушы бар.

Сонымен қатар, Майра Мелдебекова осы оқу жылында оқу процесі әр түрлі форматта жүргенін еске салды.

Оқушы саны 300 балаға дейінгі мектептердің бәрі дәстүрлі форматта оқыған. Ол мектептерде 120 мыңнан астам бала бар.

"Оқу жылының басынан 1-5 сыныптарда кезекші топтар аштық. Әрине бастауыш сыныптардың балаларында қашықтан оқуға дағдылары қалыптаспағандықтан олардың бәрімен елдегі санитарлық ахуалға байланысты кезекші топтар бойынша жұмыс істеуге құзырлы министрліктен рұқсат алып отырдық", - деді Майра Мелдебекова.

Министрлік өкілі ІІІ тоқсаннан бастап 9-11 сыныптарда қорытынды аттестация емтихандарын тапсыратын болғандықтан, дәстүрлі форматта білім алуға мүмкіндік алғанын жеткізді.

"Жыл бойында оқыту форматы әрбір елді мекеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты таңдалып отырды. Қорытынды аттестаттауға баратын 264 800-ден астам бала 9 сынып түлегі, 154 400-ден астам 11 сынып түлегі бар", - деді білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914121-qazaqstanda-biyl-nese-tulek-mektep-bitiredi/

pixel