RU

Мектеп оқушысы емтихан алдында көз жұмды: Тергеу жұмыстары жүргізілуде

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Кирилл Брага

Ресейдің Моздок ауданында тоғызыншы сынып оқушысының өлімі бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде деп жазады region15.

Бұл ақпаратты Ресей Федерациясы тергеу комитетінің Солтүстік Осетия бойынша тергеу департаментінің баспасөз қызметі растады.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға дүйсенбі күні Калининский ауылындағы мектепте орын алған. Мектеп оқушысы емтихан басталмай жатып өзін жайсыз сезінген. Қыз бала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Mash Telegram-арнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Кизляр мектебінің оқушысының білім ордасында жүрек талмасы ұсынған. Алайда дәрігерлер көмектесе алмаған - тоғызыншы сынып оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Алдын-ала болжам бойынша, қыздың емтиханға дайындық барысында үш күн бойы дұрыс тамақтанбауы мен күннің күрт ысуы жүрек ауруын ушықтыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914123-mektep-oqusysy-emtixan-aldynda-koz-zumdy-tergeu-zumystary-zurgizilude/