Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізген қазақстандық сотталды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

Діни ағымды насихаттағаны үшін 31 жастағы қазақстандық бес жылға сотталды. Ол жазасын Ақтөбе облысындағы КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ер адам Сауд Арабиясындағы университеттердің бірінде оқыған. Содан кейін елге келіп, дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған.

Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл бап мүлкін тәркілеп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

"Қазір "Ақниет" қоғамдық қорының және "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының мамандары, сондай-ақ мешіт имамдары осы сотталған адамды оңалтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914129-dongelek-auystyratyn-gimaratta-dini-sabaqtar-otkizgen-qazaqstandyq-sottaldy/

pixel