RU

БҒМ өкілі мұғалімдерге жазғы сабақтар үшін үстемеақы неге төленбейтінін айтты

ұстаз
Көрнекі фото: inbusiness.kz

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова жазғы сабақтар үшін мұғалімдерге үстемеақы неге төленбейтінін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалпы жаздың үш айына 90 күн келетін болса, соның 56 күнінде ғана мұғалімдер демалады. Бұл бұрыннан бері келе жатқан формат. Қалған күндері педагог мектепте болып, қалыпты жұмыс істейді. Жазғы мектептегі жұмысы үшін ешбір мұғалімге қосымша немесе үстемеақы төленбейді.

Бұған дейін жаздағы жұмыс күндері үшін қандай айлық алып жүрген болса, сол мөлшер сақталады. Пандемияға дейін де мұғалімдер жазғы каникулден тыс күндері жұмыс жоспарларын пысықтап, методикалық жұмысты тәртіпке келтіретін. Осы жұмыстардың аясында биыл олар өткен оқу жылының олқылықтарын толтырады. Сондықтан қосымша ақы төленбейді", - деді Майра Мелдебекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі уақытта 3 миллион 400 мыңнан астам оқушы бар. Осы оқу жылында мектепте оқу процесі әр түрлі форматта жүрді. Оқушы саны 300 балаға дейінгі мектептердің бәрі дәстүрлі форматта білім алды. Ол мектептерде 120 мыңнан астам бала бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914141-bgm-okili-mugalimderge-zazgy-sabaqtar-usin-ustemeaqy-nege-tolenbeitinin-aitty/