Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында суға батқан балаларды кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат құтқарып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Суға батып бара жатқан адам
Көрнекі фото: gettyimages.es/urbazon

Павлодар облысындағы Солнечный елді мекенінің тұрғыны ГРЭС-2 каналына батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарып қалды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Оқиға кеше, 24 мамырда, 18 сағат 35 минутта болған. "112" басқару пультіне ер адамның Екібастұз қаласының Солнечный кентінде суға батып бара жатқан балаларды құтқарғаны туралы хабарлама түскен.

Белгілі болғандай 30 жастағы жергілікті тұрғын Денис Леонтьев есімді азамат ГРЭС-2 каналының маңынан өтіп бара жатып, суға батқан жеткіншектерді байқап қалған. Ер адам бірден көмекке ұмтылған.

Құтқарылған жасөспірімдердің 2009 және 2010 жылдары туған балалар екені анықталды. Олар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Балалар орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.

Осы орайда Павлодар облысының ТЖД ыстық күндерге қарамастан шомылу маусымы жабық екенін хабарлайды. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен ата-аналардан жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған балаларды бақылауды сұрайды. Мас күйінде шомылуға болмайды.

Еске салсақ, 1994 жылы туған колледж мұғалімі мен 2001 жылы туған студент Петропавл қаласына жақын орналасқан "Сосновый бор" демалыс аймағында Есіл өзеніне батып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері 40 келеңсіз жағдай тіркеліп, екі адам суға кетіп, қайтыс болған. Одан бөлек, үш адам құтқарылып, 13-і қауіпсіз жерген шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914185-pavlodar-oblysynda-kezdeisoq-otip-bara-zatqan-adam-kanalga-batyp-bara-zatqan-balalardy-qutqardy-foto-video/

pixel