Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада ауылшаруашылығы басқармасының қызметкерлері қамауға алынды

Опубликовано:

қамауға алу82
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылордада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы қамауға алынды. Күдіктілер аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, қамауға алынғандар инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру кезінде бірнеше кәсіпкерлік нысандарға артықшылықтар берген күдікке ілінген.

Яғни, кейбір шаруа қожалықтарында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жұмыстар дұрыс орындалмаса да, атқарылды деп акті толтырып, қол қойған деп күдіктелуде.

Арнайы жүргізілген сот-құрылыс сараптамасы нәтижесінде мемлекетке 26 млн теңгеден аса залал келгені анықталған.

"Бұл қаржы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 317 бұйрығына сәйкес, жайылымдық жерлерді суландыру бұйрығына сәйкес бөлінген ақша. Осы ақшаны жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - дейді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрбол Рахметов.

Авторы: М. Тоқтасынқызы

Айта кетсек, бұған дейін Қапшағайда есеп айырысу орталығының басшысы ұсталғаны хабарланған болатын.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік қызметкер тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге арналған қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл жылумен қамту, сумен қамту, ғимараттың жай-күйіне жұмсалатын шығындар. Салдарынан мемлекетке 43 миллион теңге шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914186-qyzylordada-auylsaruasylygy-basqarmasynyn-qyzmetkerleri-qamauga-alyndy/

pixel