RU

Air Astana Алматы-Минск бағытындағы тікелей рейсті тоқтатты

Air Astana ұшағы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Air Astana Алматы-Минск бағытындағы жоспарланған рейсті тоқтатты деп жазады KAZ.NUR.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш бағыт бойынша рейсті орындау 31 мамырға жоспарланған болатын. Алайда, коммерциялық жүктеменің төмендеуіне байланысты 20 мамырда рейсті тоқтату туралы шешім қабылданған.

"Рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлама жолаушыларға сол күні яғни 20 мамырда жіберілді", – деп атап өтті Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Венгрияның Wizz Air әуе компаниясы мен Латвияның Air Baltic әуе компаниясы Беларусь әуе кеңестігімен ұшпайтынын мәлімдеген еді.

Олар мұны Ryanair ұшағында болған оқиғамен байланыстырып отыр. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп Ryanair ұшағын Минскіге бұрған болатын.

Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист Роман Протасевичті тұтқындады. Беларусь елінде ол терроризмге қатысы барлардың тізіміне енген және іздеуде болған. Әуе кемесі қонған сәтте оппозициялық журналист қамауға алынды.

Еске салсақ, 21 мамырдан бастап азаматтар Алматы халықаралық әуежайына тек Ashyq қосымшасы арқылы кіре бастады. Әуежайдың баспасөз қызметі смартфондары жоқ және шетелдік азаматтарды қалай тексеретіні туралы айтты.

Баспасөз қызметінің айтуынша, кнопкалы ұялы телефондарын қолданатын келушілер смартфонының жоқтығына алаңдамауы керек. Ең бастысы – жеке куәлігі болу. ЖСН Ashyq жүйесі арқылы сканерленеді және адамның мәртебесі анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914200-air-astana-almaty-minsk-bagytyndagy-tikelei-reisti-toqtatty/