Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония Қазақстаннан келген туристерге міндетті карантин енгізбек

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жапония билігі Ұлыбритания, Дания, Қазақстан және Тунис елдерінен келген туристерге міндетті үш күндік карантин енгізеді деп хабарлайды Kyodo News.

Карантин енгізу жайлы шешім туралы сейсенбіде үкіметтің бас өкілі Кацунобу Като мәлімдеді.

Сонымен қатар, басқа бірнеше елдің азаматтарына да жаңа карантиндік ережелер енгізіледі.

"Алдағы жұма күнінен бастап Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Пәкістан, Бангладеш және Мальдив аралдарының саяхатшыларына арналған карантиндік мерзім 6 күннен 10 күнге дейін ұзартылады", – дейді министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като баспасөз мәслихатында.

Бұл шаралар елге келгендер мен оралғандардың барлығына қатысты болады.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларына арналған болжамын ұсынған еді.

Алексей Цойдың сөзінше, пессимистік сценарий бойынша вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, маусым-қыркүйек айларында ауру жұқтырғандар шамамен 95 000 адамды құрайды.

Реалистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде азаматтардың 80 пайызын құраған кезде, коронавирус жұқтырғандар шамамен 65 000 адамды құрайды.

Оптимистік сценарий бойынша азаматтардың кем дегенде 90 пайызы вакцина салдырса, ауру жұқтырғандар саны шамамен 61 000 адамды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914257-zaponiya-qazaqstannan-bargan-turisterge-mindetti-karantin-engizbek/