Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (фото, видео)

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында мұғалімдермен бірге коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті.

"Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары мен мұғалімдер бұрынғы оқыту форматына оралуы үшін бәріміз COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек. Мұғалімдермен бірге коронавирусқа қарсы екпе алдым", – деп жазды ол.

Көлгіновтің айтуынша, халыққа ыңғайлы болу үшін және вакцинациямен көбірек қамту үшін қаладағы медициналық ұйымдарда егу пункттерінің саны 100-ге дейін артқан. Сондай-ақ, ірі сауда ойын-сауық орталықтарында және тағы басқа қосымша вакцинация пункттері ашылған.

Одан бөлек, Көлгінов еңбек ұжымдарына көшпелі бригада вакцина салатынын атап өтті.

Сонымен қатар, әкім жаз мезгілі дәстүрлі демалыс маусымы екенін еске салды. Алтай Көлгінов пандемияға дейінгі жағдайға оралу үшін дәрігерлердің барлық айтқандарын орындау маңызды екенін баса айтты.

"Вакцинация өзіңізді де, айналаңыздағы адамдарды да қорғайды. Санитарлық нормаларды сақтау және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана біз бұрынғы өмір ырғағына қайта ораламыз", - дейді елорда әкімі.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі вакцинация белсенділігін ескере отырып, эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірнеше болжамын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914266-altai-kolginov-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy-video/

pixel