RU

ШҚО-да жазғы лагерьге баратын оқушыдан ПТР анықтамасы талап етіледі

Жеткіншек
Көрнекі фото: Pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында жазғы лагерьге баратын оқушылардан ПТР анықтамасы талап етіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.

“Өңір бойынша балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 35 лагерь жұмыс істейді. Сондай-ақ 475 мектеп жанында оқушыларға арналған лагерь бар. Алдағы каникул кезінде мектеп оқушыларының 100 пайызын жазғы лагерьмен қамтуды жоспарлап отырмыз”, - деді ол.

Бұдан бөлек, жаз айларында облыстың барлық қала-аудандарында спорт секциялары мен үйірмелер ашық болады.

”Лагерьге барар алдында әрбір оқушы ПТР-сынама тапсыруы тиіс. Тәрбиешілер мен мекеменің басқа да қызметкерлерінен коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етіледі”, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кетейік, Алматы облысы Бесағаш ауылында 11 жастағы мектеп оқушысы тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап кетті.

Қайғылы жағдай 24 мамыр күні кешке болған.

"Үлкендердің қарауынсыз қалған 2009 жылғы бала 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында балалармен ойнап жүріп, абайсызда құлап кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", - дейді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Куәгерлердің сөзінше, оның жанында тағы екі қыз бала болған. Олар дін аман. Азаттық рухы басылымының мәліметінше, көз жұмған 11 жасар бала бүгін 5-сыныпты бітіруі тиіс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914288-sqo-da-zazgy-lagerge-baratyn-oqusydan-ptr-anyqtamasy-talap-etiledi/