Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны үйінде жанжал шығарып, жүктілігіне 8 ай болған әйелін соққыға жыққан

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда жүктілігіне сегіз ай болған әйелді күйеуі ұрған. Оқиға туралы облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство 15 мамыр күні полицияға 33 жастағы әйелден қоңырау түскенін мәлім етті.

Оның сөзінше, мас күйеуі үйде жанжал шығарып, соққының астына алған.

Әйел сүйіктісі тіпті жүктілігінің сегіз айлығына да қарамағанын жеткізген.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. Полиция қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамды қолға түсірді. Ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар кезіндегі заңсыз әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау саласының мамандары өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің барлығына үндеу тастап, тез арада 102 немесе 8 778 932 93 92 нөміріне қоңырау шалуды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда бір ай бойы зорлық құрбаны болған келіншектің ауыр халде ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Белгілі болғандай оны танысы басынан балғамен ұрып, кейін өзі асылып қалған.

Бұл жайттан кейін 7 бірдей полиция қызметкерінің лауазымынан айырылғаны белгілі болды. Олар қызметтерінде заң бұзушылыққа жол бергені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Не молчи" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смайлованың айтуынша, марқұмның бұған дейін жасаған әрекетіне құқыққорғау органдары мән бермеген. Өйткені, жәбірленуші осыған дейін бір ай бойы зәбір көрген. Полицияға да бірнеше рет шағымданған. Құқыққорғаушылар күдіктіні тек әкімшілік жауапкершілікке ғана тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914296-atyrau-turgyny-uiinde-zanzal-sygaryp-zuktiligine-8-ai-bolgan-aielin-soqqyga-zyqqan/

pixel