RU

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеу жолдайды

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жолдайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914331-bugin-qasym-zomart-toqaev-beineundeu-zoldaidy/