Өзенге секіріп, мойнын сындырған: Қостанайда жеткіншек көз жұмды
Опубликовано:

Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді.
Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді" - деп хабарлады ведомстводан.
Басқарманың берген алдын ала мәліметінше, қаза болған жасөспірім суға секіріп, мойынын сынып кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914351-ozenge-sekirip-moinyn-syndyrgan-qostanaida-zetkinsek-koz-zumdy/