Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 25 мамыр таңғы сағат 06:00-де болды. Хромтау ауданы Бөгетсай кентінің маңында "Самара-Шымкент" автожолының 909 шақырымында екі көлік соқтығысқан.

"Nissan Primera автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, қарсы бетке шығып кетіп, Қырғызстан азаматы басқарған Mercedes-Benz жүк көлігімен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полициясы жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде 26 жастағы қызды автобустың қағып кеткен кезі түсірілген видео жарияланды.

Естеріңізге салсақ, 23 мамырда сағат 20:20 шамасында Атырауда Привокзальный ықшамауданында №57 автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қала тұрғынын қағып, ол сол жерде қаза болды.

"Тергеу барысында полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің біріндегі видеотіркегіштің жазбасын алды. Онда қыздың бағдаршамның рұқсат етілген сигналы жанған кезде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқаны анық көрінеді", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Автобус жүргізушісіне қатысты 345-баптың 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914364-aqtobe-oblysynda-zantursigerlik-apattan-eki-adam-koz-zumdy/

pixel