Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 30 градус ыстық алдағы күндері де сақталады

Опубликовано:

күн ыстық
Көрнекі фото: luxtopfit.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады. Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.

"Елдің батысында 30...39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32...38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30...40°С, шығыста 30...36°С-қа жетеді.

Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25...33°С-қа дейін, солтүстікте 18...28°С-қа дейін төмендейді", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.

27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914371-nur-sultanda-30-gradus-ystyq-aldagy-kunderi-de-saqtalady/

pixel