Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда есірткі сатқан ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

30 жастағы Қостанай облысының тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметіне сәйсес, бірнеше ай бойы ол курьерден "қылмыстық баспалдақпен" көтерме сатушысына дейін көтерілген. Жүктің бірін тасымалдау кезінде ер адам ұсталды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде ұсталушыдан 22 орам көлемінде психотроптық заттарды тапты және тәркілегенін атап өтті.

"Күдікті, сонымен қатар, осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "мефедрон" психотроптық заты болып табылады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Еске салсақ, Жамбыл облысында түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі заты тәркіленген еді.

2021 жылдың 16 мамырында Тараз қаласының автобекеті аумағында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda маркалы автокөлікті тоқтатты. Аталған көліктің салонынан полиэтилен пакетке салынған жалпы салмағы алты келі 655 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914373-almatyda-esirtki-satqan-er-adam-ustaldy-video/

pixel