Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жартылай жалаңаштанған азамат жанармай құю бекетінде ерсі әрекетке барды (видео)

Опубликовано:

Алматы
Видеодан кадр: Instagram/kris_p_kz

Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаштанған ер адамның жанармай құю бекетінінің шатырына шығып, ерсі әрекетке барғаны бейнеленген видео тарады. Кадрдан "бұзақының" компанияның логотипін жыртып жатқанын байқай қиын емес деп жазады Zakon.kz.

Желі оқырмандарының сөзінше, көптің талқысына түскен оқиға Шаляпин мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында болған.

Кадрда ер адамның жанармай құю бекетінің шатырына шығып, компания логотипін жыртып, оларды айналасындағыларға лақтырғаны анық көрінеді.

Сонымен қатар, төменнен полиция қызметкерлерін де байқау қиын емес.

Zakon.kz порталының редакциясы Алматы қаласының полиция басқармасына хабарласып, аталған жағдайға байланысты пікір білдіруін сұраған.

Әзірге құқық қорғау саласының мамандары оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін қамаудағы ұлына телефон жеткізу үшін ерсі әрекетке барған әйел ұятқа қалған еді.

Ақтөбе тұрғыны ұялы телефонды іш киіміне жасырып, қамауда отырған ұлына жеткізбек болды.

Оның сәлемдемесі аса көп мөлшерде есірткі қолданғаны үшін қолға түскен 32 жастағы ұлына арналған.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқау жүйесі департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын уақытында байқап, металл іздегіш арқылы ұялы телефон, зарядтау құрылғысы мен сим-картаны тауып алған.

"Мекеме әкімшілігі мекемеге келушілерге тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіп жатыр. Алайда, оған қарамастан, сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған азаматтардың туыстары пенитенциарлық мекеменің заңды талаптарын бұзуды жалғастыруда", – деді КА-168/1 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Аршат Бурабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914407-almatyda-zartylai-zalanastangan-azamat-zanarmai-quyu-beketinin-ustine-sygyp-ersi-areketke-bardy-video/

pixel