RU

Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

26 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1739 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 378 311-ге жетіп отыр

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914425-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/