Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкада "қара жорға" билеген қазақстандықтар көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Қара жорға
Видеодан кадр: Instagram/intykbayeva

Африка елдеріне көмектесіп жүрген қазақстандық еріктілер "қара жорға" биін билеп, көпті тәнті етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Африкада еріктілер қатарында жергілікті халыққа көмектесіп жүрген қазақ жастары желіде көңіл көтерерлік ерекше видео бөлісті. Онда олар "қара жорға" биін билейді.

Қазақстандықтардың биіне басқа елдерден барған еріктілер мен жергілікті тұрғындар да қосыла кетті. Африкалықтар өздеріне бейтаныс бидің қимылын қазақтардан қалыспай қайталауда.

Айта кетейік, бұдан бұрын біз ауыз уға зәру африкалықтарға құдық орнатып берген қазақ жастары туралы жазған болатынбыз.

Малави еліндегі халықаралық мектепте жұмыс істейтін қазақ жастары құдықты суға зәру жергілікті тұрғындарға қайырымдылық ретінде орнатып берген. Малави жұрты видео арқылы барша Қазақстан халқына сәлем жолдап, алғыс білдірген болатын.

Малавидегі халықаралық мектепте қызмет ететін Бекарыстың (аты-жөнін толық атауға қарсы - ред.) айтуынша бұл қайырымдылыққа ешқандай бағдарлама, компаниялардың қатысы жоқ.

"Осы жақта жұмыс істеп жатқаннан кейін, қайырымды жандар маған байланысқа шығып, осы елдегі мұқтаж жандарға көмек көрсетейік деген ниет білдірді. Өтінішін орындадық. Бар болғаны сол. Бұны біз жария еткіміз келмейді. Екіншіден, желіге салған видео жақында шыққан атышулы фильмдегі туымыздың мәртебесіне қатысты кішігірім жауабымыз ретінде түсірілген видео еді", - деді қайырымдылық істі ұйымдастырушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914435-afrikada-qara-zorga-bilegen-qazaqstandyqtar-kopsilikti-tanti-etti-video/

pixel