RU

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушысы бағдаршамды қиратқан

Фото
Көрнекі фото: rus.postimees.ee

Нұр-Сұлтанда жасөспірім бағдаршамды сындырды деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға кеше 25 мамыр күні кешке Қарасай батыр көшесінің бойындағы "Забава" дүкенінің жанында орын алған.

Жас жеткіншекті тәртіп сақшылары қолға түсірді.

Бағдаршамды қиратқан бозбала Нұр-Сұлтан қаласының 15 жастағы мектеп оқушысы болып шықты.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасына шақырылған. Профилактикалық әңгімеден кейін заңды өкілге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп атап өтті ведомство.

Іс шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда караоке-барға келген тұрғындар полицейден қашамын деп терезеден секіріп кеткенін жазған едік.

Сонымен қатар Алматыда мас күйде көлік айдап, жол-көлік оқиғасын жасаған ер адамның уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914443-nur-sultanda-mektep-oqusysy-bagdarsamdy-qiratqan/