Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Приозерскіде 4 жасар қыз бала темір дуалға басын кіргізіп, қайта шығара алмай қалған

Опубликовано:

Қыз
Видеодан кадр: Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағанды облысы Приозерск қаласында құтқарушылар металл дуалдың арасында басы қысылып қалған қыз баланы құтқарып қалды. Бұл жайт туралы өңірлік ТЖД ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға ойын барысы кезінде болған.

"2017 жылы туған қыз бала басын металл шарбақтардың арасына кіргізген. Салдарынан бала не алға, не артқа шыға алмаған. Ересектер де қыз балаға өз бетінше көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды шақырды. Гидравликалық құралды пайдалана отырып, Қарағанды облысы ТЖД №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары темір шарбақты кесіп, баланы құтқарып қалды", - дейді Қарағанды облысының ТЖД.

Құтқару операциясы кезінде бүлдіршін зардап шекпеген және дін аман ата-анасына тапсырылған.

Осы орайда ведомство балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.

Балаларға қарапайым қауіпсіздік шараларын үнемі еске салып тұруды сұрайды. Мәселен:

  • -қараңғы жерлерде;
  • қоқыстардың маңында;
  • теміржолдың, автожолдың жанында;
  • қираған ғимараттарда ойнамау;
  • электр және газ құрылғыларын қосулы күйде қалдырмау;
  • отпен ойнамау;
  • бейтаныс жерлерде шомылмау және суға түспеу.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылында темір қоршауға қысылып қалған төрт жасар балақайды полицейлер құтқарып қалған еді.

Бүлдіршін құрылыс заттарын сататын дүкен қоршауынан өтпек болған. Алайда оның басы сыймай кептеліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914512-priozerskide-4-zasar-qyz-bala-temir-dualga-basyn-kirgizip-qaita-sygara-almai-qalgan/

pixel