Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда полиция қызметкеріне пара бермек болған тұрғынның басы дауға қалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда полиция қызметкеріне пара бермек болған тұрғын жазаға тартылды деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, аталмыш жайт сәуір айында болған.

Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторына жергілікті тұрған өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін екі мың теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы бермек болған.

"Жүргізушінің жол қиылыстарынан өту ережелерін немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережелерін бұзғаны анықталып, оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 594-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Жүргізушіге істің мұндай жағдайы ұнамады және ол мәселені осылай шешпекші болды", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Төлеген Алпысбаев.

Бұл фактіден кейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, айыппұл түрінде жаза тағайындаған.

Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914532-pavlodarda-policiya-qyzmetkerine-para-bermeksi-bolgan-turgynnyn-basy-dauga-qaldy/

pixel