jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Соңғы қоңырау болмады, ал концертке рұқсат": Жұрт Түркістанда өнер көрсеткен әншілерге шүйлікті

Концерт
Видеодан кадр: instagram.com/aikyn

Түркістанда Айқын, Жұлдыз Өмірғали, Құмар Лұқпанов пен Тәуекел Мүсілім және тағы басқа отандық жұлдыздардың қатысуымен тегін концерт өтті. Концертке жиналған халық қарасы көп болғаны желі қолданушыларының ашуын тудырды. Олар мектептегі салтанатты шараға тыйым салынған уақытта өнерпаздардың өнер көрсетуіне рұқсат беру нағыз әділетсіздік деп санайды.

Түркістан қаласында ашық аспан астында ұйымдастырылған тегін концерттің видеосын әнші Айқын Төлепберген өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Іс-шара қаладағы сауда-ойын-сауық орталығының бірінде кинотеатрдың ашылуына байланысты өткен болып шықты.

"Кеше Түркістанда елімізде алғашқының бірі болып үлкен концерт өткіздік. Кинопарк кинотеатрынан мені іздеп келген алтын тыңдарманыма шын жүректен бас иемін. Бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Айтылған әндердің бәріне келген жұрт қосылып ән шырқады. Түркістанға рахмет!!!", - деп жазды Айқын.

Кей тыңдармандар әншілерге концерт үшін алғысын айтса, енді бірі наразылығын білдірген.

Сонымен қатар, видеодан адамдардың маска тақпай, бір-біріне етене жақын тұрғанын байқауға болады.

"Концертке келесің, өзіңе ән айтқызады", "Бұл не өзі, балалар мектебімен дұрыс қоштаса алмады ғой", "Соңғы қоңырау болмады, ал концерттерге рұқсат берілді", "Не деген әділетсіздік. Балалар соңғы қоңырауға бара алмай, үйде отыр. Ал мұнда концерт жасап жатыр",

"Түркістанда ковид жоқ па?", "Айқын, жарайсың, сәттілік", "Даусың керемет", "Қаламызға қош келдіңіз", "Әкімшілікке айыппұл салу керек, маска қайда?", - деп жазды олар.

"Соңғы қоңырау болмады, ал концертке рұқсат": Жұрт Түркістанда өнер көрсеткен әншілерге шүйлікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.