Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біртүсті көйлік тіктірген": Маңғыстауда мектеп түлектері 50 жылдан кейін қайта қауышты (фото)

Опубликовано:

Түлектер85
Фото: Хабар24

Маңғыстау облысында мектеп түлектері 50 жылдан кейін қайта қауышты деп хабарлайды Хабар 24.

Сағыныса көріскен 15 сыныптас кездесуге ерекше дайындалған. Олар біртүсті көйлек киіп, түлектің лентасын таққан.

50 жылдан кейін қайта бас қосқан түлектер 1971 жылы Түркіменстанның Учаджы ауылындағы мектепті тәмәмдап, 90-жылдары ата жұртқа оралған.

Бүгінде әрқайсысы әр салада табысты қызмет етіп, немере, шөбере сүйіп отыр. Шәкірттерінің басқосуына сынып жетекшісі мен география пәнінің мұғалімі де келген.

Олар өткен күндерін еске алды. Жасы 70-ке таяған сыныптастар енді 70 жылдықта кездесуге ниетті.

"Қазақтың амал наурызында көрісіп келді үйге. Сол кезде осындай шай басында отырып, мектеп бітіргенімізге 50 жыл болып жатыр екен, соған орай бірігіп отырайық деп едім, бәрі қолдады. Содан кейін кірісіп кеттік", - дейді Мұнайлы ауданының тұрғыны Ағзия Елғазиева.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысы, Түлікбас ауданында мектеп бітіргеніне жиырма жыл толған түлектер көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үй алып бергенін хабарлаған едік.

Соңғы қоңырау күнінде түлектердің арқасында баспаналы болғандардың бірі көпбалалы, екіншісі бір отбасында төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жан бар жанұя.

Мектеп түлектерінің қайырымды ісі осыдан 4 жыл бұрын басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914546-birtusti-koilik-tiktirgen-mangystauda-mektep-tulekteri-50-zyldan-keiin-qaita-qauysty-foto/

pixel