Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жылжымалы зообақтағы аңдардың аянышты күйі тұрғынды алаңдатты (видео)

Опубликовано:

Аң
Видеодан кадр: instagram.com/meganews.kz

Көкшетау тұрғыны жылжымалы зообақтағы аңдардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, видео жариялады. Айтуынша, аңдар күннің ыстығынан өлуге шақ тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роликті meganews.kz Instagram парақшасының авторлары жариялады.

Видеодан басы төмен салбырған тордағы аңдарды аңғаруға болады. Бұл күннің ыстығынан болуы мүмкін. Аңдардың жағдайына алаңдаған ролик авторы осындай пікірде.

"Мұндай халдегі аңдар қалай адамдардың көңілін көтереді? Мынау сұмдық. Күн ыстықтан өлуге шақ тұр", - дейді кадр сыртындағы әйел адам.

Видеоны көрген желі қолданушылары пікірін жаудырып, кейбірі тіпті, зообақтарды жабуды да талап етті.

"Міне, мен сол үшін де зообаққа бармаймын. Аңдарға обал", "Обал болды", "Нағыз аңдар - адамдар. Бұлай болмайды ғой", - деп жазды желідегілер.

Бұл жайтқа қатысты Көкшетау әкімдігі пікір білдірді. Ведомство пабликтегі видеоның астына пікір жазып қалдырған.

"Құрметті автор! Сіздің шағымыңыз қабылданды! Жақын арада толық жауап ұсынамыз!", - деп жазды қала әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін зооқорғаушылар жабайы аңдардың аянышты күйін сипаттайтын видеоны жариялаған еді. Олар лас тордың ішіндегі азып-тозған қасқырды видеоға түсіріп алған.

Зооқорғаушылардың сөзінше, тұлып жасаушылар қасқырдың бөлтірігін тұлып пен кілем жасау үшін сатады. Құны 140 мың теңге.

Бұл фактіден кейін Талғар ауданының полиция басқармасы тексеру шараларына кіріскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914552-koksetauda-zylzymaly-zoobaqtagy-andardyn-ayanysty-kuii-turgyndy-alandatty-video/

pixel