Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР немесе Ashyq: Алакөлге баратын туристерге талап қандай

Опубликовано:

Алакөл
Фото: Хабар 24

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл немесе Бұқтырма демалыс орындарына баруды жоспарлаған туристерге қатысты жаңа ереже күшіне енбек деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, туристік-рекреациялық аймақтарда 1 маусымнан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маска режимін және әлеуметтік қашықты сақтай отырып, адамдарды орналастыру және демалу орындарының жазғы туристік маусымға дайындалуына рұқсат етілді.

"Бұқтырма су қоймасындағы, Алакөлдегі және "Рахман қайнарлары" санаторийіндегі демалыс базалары Ashyq жобасымен жұмыс істейді. "Жасыл" және "көк" мәртебесі бар туристер демалыс орындарына бара алады. Ал "сары" және "қызыл" мәртебесі барларға облыстың туристік аймақтарына баруға тыйым салынған", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, тұрғындар аталған жобасыз да демалыс базаларына бара алады. Ол үшін берілгеніне 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесі бар ПТР анықтама немесе COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандығын растайтын паспорт қажет.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1739 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 378 311-ге жетіп отыр.

Ал бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914565-ptr-anyqtama-qazet-alakolge-barudy-zosparlagan-zandar-usin-zana-ereze-engizildi/

pixel