Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар биыл қажылық парызын өтей алмауы мүмкін: Сауд Арабиясы арнайы талаптарды жариялады

Опубликовано:

Қағба11
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауд Арабиясы Корольдігінің денсаулық сақтау министрлігі биылғы қажылыққа қатысты арнайы талаптарын жариялады. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық бөлімі Саудия тарапының негізгі талаптарына назар аудару қажеттігін хабарлады.

Биыл қажылық маусымы 17 шілдеде басталады. Жаңа талапқа сәйкес, биыл қажылық парызын өтуге тек 60 мың адамға рұқсат беріліп отыр. Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

Сондай-ақ, биыл қажылардан коронавирусқа қарсы Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.

Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек.

Осы ретте айта кету керек, жоғарда аталған вакциналардың ешбірі біздің елімізде қолданыста жоқ.

Одан бөлек, әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Сонымен бірге, шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс, бекітілген ережелерге толық бағынуы қажет.

ҚМДБ-ның мәліметінше, "Қажылық-2021" маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы мәліметті Саудия билігі әзірге таратпай отыр.

Мүфтият қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914570-saud-arabiyasy-biylgy-qazylyqqa-qatysty-arnaiy-talaptardy-zariyalady/

pixel