Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір түнде полиция бөлімдеріне жүзден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді

Опубликовано:

Ұсталған кәмелетке толмағандар
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде бір түнде полиция бөлімдеріне жүзден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Кеше Ақтөбенің барлық мектептерінде түлектерге соңғы қоңырау соғылды. Түлектер тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында полицейлер күшейтілген режимде қызмет етті.

Барлық оқу орындарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар кезекшілікте болды және патрульдік полиция бағыттары мектептерге жақын болды. Өткен түнде Ақтөбе облысы бойынша полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар үшін 100-ден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді.

Жеткізілгендердің негізгі бөлігі – кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз болғаны үшін – 98, бір ойын-сауық мекемесінде, бір – ұсақ бұзақылық үшін және бір – қоғамдық орында темекі шеккені үшін ұсталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Осы және келесі демалыс күндері мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914595-aqtobede-bir-tunde-policiya-bolimderine-zuzden-astam-kameletke-tolmagan-bala-zetkizildi/

pixel