Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы жылдары қандай мамандықтар жойылуы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ержан Біржанов мәжілістегі жиында 2035 жылға қарай қандай мамандықтарға сұраныс жоғалуы мүмкін екендігін айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, автоматтандыру және технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер, жаңа бизнес-идеялар 2035 жылға қарай жұмыстың 1/3 бөлігін автоматтандыруға әкеледі. 

Бұл факт жұмыс орындарының 3/4 бөлігіне әсер етуі мүмкін. 

"Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын қолдану кеңейеді. Ол экономиканың дәстүрлі салаларын да қамтиды. Осы фактілер дағдыларды жетілдіруді, мақсатты түрде жаңа білімді игеруде озық тәжірибені зерделеуді талап етеді",- деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Сонымен қатар Ержан Біржанов көптеген мамандық бойынша дағдылардың өзектілігі 5 жылға ғана дейін сақталатынын жеткізді.

Егер 10 жыл бұрын алған білім мен дағды 10-15 жыл жұмыс істесе, цифрландыру және жаңа технологиялардың пайда болу дәуірінде дағдылар мен білім тез ескіреді, дейді ол.

Вице-министрдің сөзінше, автоматтандыру қаупіне ең көп жататындар күнделікті іс-әрекеттерді қамтитын кәсіптер болып саналады.

"Бұл мамандықтар үшін білімнің ескіруі және оның мүлдем жойылып кету қаупі бар.  Мысалы, қоғамдық көліктердегі кондукторларды айтуға болады", - деді Елжан Біржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914716-elimizde-aldagy-zyldary-qandai-mamandyqtar-zoiyluy-mumkin/

pixel