Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа сот құрылды

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот енді "әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты" деп аталады.

Соттың ғимараты Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайында орналасқан.

Аталған мекемеде үш қылмыстық соттың отыратыны белгілі болды.

Сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Наурызбай ауданындағы "Шұғыла" ықшамауданы, 347/1 мекенжайына көшкен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мәдениет және спорт министрлігінде 2 жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысында айтылды.

Құжатқа сәйкес министрлікте архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен мәдениет комитеті құрылды.

Осы қаулыға сәйкес, архив істері және құжаттаманы басқару комитеті  жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914731-almatyda-zana-sot-quryldy/