Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ішімдік ішкен ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап, аман қалды

Опубликовано:

Терезе
Терезе маңындағы ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда ер адам балконнан құлап кетті деп жазады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес 26 мамырда сағат 10.30-да полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскен.  

"Сағат 09.40-та Мир көшесіндегі пәтерде 44 жастағы ер адам мас күйінде өз пәтерінде абайсызда үшінші қабатта орналасқан балконнан құлап кеткені анықталды", - деп жазылған хабарламада.  

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында 2019 жылы туған балақай көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сәби өмірін сақтап қалатын "ақылды терезе" ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Жобаны іске асыруға оқушыларға мектептің информатика және физика пәндерінің мұғалімі көмектескен. Жетекшілері "ақылды терезені" тек пәтерге емес, мектеп, балабақшаға қондыруға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914754-pavlodarda-isimdik-isken-er-adam-usinsi-qabattyn-balkonynan-qulap-aman-qaldy/

pixel