Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында жолда жасыл белгі пайда болады

Опубликовано:

Фото
Фото: Елорда әкімдігінің сайты

Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жоба аясында қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Автобус жолағының бас жағын жасыл түспен белгілеу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы шешім қабылданды. Пилоттық жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұрт назарын аудару мақсатында іске қосылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жаңа жол белгілері енгізілетін көшелер пысықталуда.

Айта кетейік, Алматы полициясы бұған дейін шаһарда бұрылыстарға арналған қосымша бөлігі бар бағдаршамдар көбейетінін хабарлаған еді. Бұған себеп көше қиылыстарында, әсіресе бұрылыс кезінде апаттың жиі болуы екен.

Оған қоса, алматылық көлік жүргізушілерді мегаполистің жолдарында пайда болған жаңа камералар таңғалдыр болатын. Полиция олардың қандай камералар екенін және нені түсіретінін түсіндірген еді.

Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілетіні туралы жазған болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, Бауыржан Момышұлы даңғылы бойында Жұмабаев көшесінен бастап Аманат көшесіне дейінгі аралық бір бағытты етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914775-nur-sultan-qalasynda-zolda-zasyl-belgi-paida-bolady/

pixel