RU

Нұр-Сұлтанда 43 шаршы метр пәтерде алты жүз адам "тұрған"

Көпқабатты үй
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Елордалық полиция 600-ге жуық адам тіркелген пәтерді анықтады, сонымен қатар тұрғын үйдің ауданы 43 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл пәтердің иесі онда тұрақты тұрмайтындарды тіркеген. Азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осы мекен жай бойынша тіркеуден пәтер иесінің отбасы мүшелерін қоспағанда, барлығы шығарылды.

17 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бір мекен жайға бірнеше адамды тіркеу бойынша жедел-алдын алу шарасы өткізілді, деп түсіндірді полиция. Полиция қызметкерлері осы уақыт аралығында 1200-ге жуық мекен жайды тексерді.

53 пәтер иелері тіркеу мекен жайы бойынша тұрмайтын адамдарды бірнеше тіркеуге жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады полиция департаменті.

Сондай-ақ, елордалық полицейлер бүгінгі күні "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның баптарында қарастырылған үй иелерінің олармен бірге тұратын азаматтарды тіркеу міндеті бар екенін еске салды.

Еске салсақ, мәжіліс депутаттары жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынды.

Қазақстан халық партиясы депутаттарының ұсынысы бойынша, жаңа бағдарламада жеңілдетілген пәтер үшін алғашқы жарна сұралмауы тиіс. Тіпті несиеге пайыздық мөлшерлеме де белгіленбеуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914778-nur-sultanda-43-sarsy-metr-paterde-alty-zuz-adam-turgan/