Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміз 26 долларлық «Спутник V»-ден неге бас тартпайды: Цой жауап берді

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Бір дозасы 9,4 доллар болатын QazVac вакцинасы тұрғанда 26 долларлық «Спутник V»-ден неге бас тартпаймыз? Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық Youtube арнаға берген сұхбатында осы жайттың мәнін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Уәжіңізбен келісемін. QazVac ерекше өндірістік жағдайды қажет ететіндіктен, айына 50 мың доза ғана алып отырмыз. Ал бізге халықтың көп бөлігін неғұрлым жылдам вакциналау керек. Зауыт іске қосылғанша айына 50 мың доза салып отырсақ, көп күтеміз.

Бізге вакциналау науқанын барынша жылдам аяқтау керек. Бұл жердегі мәселе осыған ғана тіреліп тұр. Қазір біз үшін ең құнды нәрсе - уақыт. Әрине, күте тұрып, жыл соңында ғана бәріне QazVac егуге болады. Бірақ қазір вакиналап бітірмесек, күзде вирустың тағы бір толқыны келеді деген қауіп бар», - деді министр.

Алексей Цой вирустың үшінші толқыны келсе, қайтадан экономика тоқтайтынын айтады.

«Дәл қазір бәріміз вакцина алып, масканы шешетін күнге жетуіміз керек. Бүкіл әлем қазір мейілінше көп вакцина алып, халықты қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Бұған дейін Ресейден вакцинаның бір дозасын 26 долларға сатып алған болатынбыз. «Спутник V»-дің тағы 3 млн дозасын сатып алу туралы келісімшарт бар. Бірақ оның бағасы 21,9 доллар болады. Біз жеңілдік алдық. Қалған көлем осы бағамен әкелінеді», -деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914817-elimiz-26-dollarlyq-sputnik-v-den-nege-bas-tartpaidy-coi-zauap-berdi/

pixel