Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтыру бойынша Қарағанды облысы үшінші күн көш бастап келеді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы COVID-19 жұқтыру туралы жаңа деректерді жариялады: 27 мамырда 1 747 жаңа дерек анықталды, бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 102-ге кем деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

Аймақттар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 246,

Алматы қаласында - 279,

Шымкент қаласында – 63,

Ақмола облысында – 127,

Ақтөбе облысында - 53,

Алматы облысында - 97,

Атырау облысында - 85,

Шығыс Қазақстан облысында - 95,

Жамбыл облысында - 17,

Батыс Қазақстан облысында – 95,

Қарағанды облысында - 324,

Қостанай облысында - 42,

Қызылорда облысында - 13,

Маңғыстау облысында - 42,

Павлодар облысында - 105,

Солтүстік Қазақстан облысында - 40,

Түркістан облысында - 24.

Осылайша, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 381 907 адамға жетті.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуалдың болжамдары, сондай-ақ қазақстандықтар бетпердесін қашан шеше алатыны туралы айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, ол үшін халықтың көп бөлігі вакцина салдыруы керек және бұл жұмыс күздің басына, яғни қыркүйекте аяқталуы керек.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар неліктен вакцинацияға сенбейтіндігін және коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ауру жұқтыру мүмкін еместігін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол вакцинациядан кейінгі өлімдердің вакцинациямен байланысы бар-жоғын айтқан еді.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина қазақстандықтар өмір бойы алатын жиырмаға жуық вакцинамен бірдей, яғни коронавирусқа қарсы вакцинация ұқсас қағидаларға сәйкес жасалған. Ауыру және аурудың асқыну мүмкіндігі вакцинадан кейінгіге қарағанда мың есе көп. Цой вакцинациядан кейінгі асқыну қаупі шамалы екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914845-koronavirus-zuqtyru-boiynsa-qaragandy-oblysy-usinsi-kun-kos-bastap-keledi/

pixel