Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі өңірлердің бірі "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

28 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын коронавируспен күрес жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария етті.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша еліміздің бір өңірі, нақтырақ айтсақ, Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өткен.

Нәтижесінде коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан өңірлерінің ахуалы келесідегідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы COVID-19 жұқтыру туралы жаңа деректерді жариялаған еді. Пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 381 907 адамға жеткен.

Одан бөлек, Алексей Цой қазақстандықтар бетпердесін қашан шеше алатыны туралы айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, ол үшін халықтың көп бөлігі вакцина салдыруы керек және бұл жұмыс күздің басына, яғни қыркүйекте аяқталуы керек.

Сонымен қатар, министр вакцинациядан кейінгі өлімдердің вакцина салумен байланысы бар-жоғын айтқан еді.

Оның айтуынша, ауыру және аурудың асқыну мүмкіндігі вакцинадан кейінгі асқынуларға қарағанда мың есе көп. Цой вакцинациядан кейінгі асқыну қаупі шамалы екенін алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914872-elimizdegi-onirlerdin-biri-qyzyl-aimaqtan-saryga-otti/

pixel