RU

Елордада жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Елорданың Тұрғын үй орталығы "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санатындағы тұрғындар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлады.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнеткерлер;

7) жетім балалар;

8) қандас;

9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны 100, оның ішінде 30 пәтер “Жетім-балалар” санатына ғана арналған. Қалған 70-і “Әлеуметтік жағынан осал топтар” санатына арналған.

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан жері: “Пригородный” тұрғын алабындағы ЖТҮ, Сарытоғай көшесі;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;

Қабылдау күні: 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығы;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Бағдарламға қатысты толық ақпаратты сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914920-elordada-zalga-beriletin-turgyn-uige-quzat-qabyldau-bastalady/