Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пластикалық ота кезінде пациент қайтыс болды: Хирургке қатысты іс сотқа жіберілді

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Пластикалық операция үстелінде пациенті қайтыс болған хирург Дмитрий Писаревтің ісі сотқа жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қылмыстық іс бойынше тергеуді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізгенін айтты.

Іс қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігінде көзделген – медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық негізінде квалификацияланған.

"Іс жүргізу шеңберінде мамандандырылған тексерулер мен сараптамалық зерттеулер кешені жүргізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Материалдар Бостандық аудандық сотына жіберілді", – дейді қалалық полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Дмитрий Писарев ота жасамақ болған Лаура Ізбасарова ота үстелінде көз жұмған болатын. Ол омырауына операция жасатпақ болған, алайда ота кезінде әйел адам тұншығып, есінен тана бастаған. Бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болған.

Сонымен қатар, осы оқиғаға дейін екі жыл бұрын осыған ұқсас жағдай болғаны анықталған еді. Украина азаматшасы 2016 жылы тап осы хирург жасаған отадан соң алты сағаттан кейін көз жұмған.

Марқұм Дана Агамурадова денесін қалпына келтіру үшін Дубайдан Алматыға арнайы келген екен.

2019 жылы Дмитрий Писарев Дана Агамурадованың өліміне кінәлі деп табылды, бірақ мерзім өтіп кеткендіктен жазаланбаған болатын.

Ол Лаура Ізбасарованың өлімінен кейін қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914931-almatyda-plastikalyq-operaciya-kezinde-qaitys-bolgan-arudyn-olimi-is-sotqa-ziberildi/

pixel