Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оқушы өгей әкесінен зорлық көрген": БҚО-да мектеп директоры жазаға тартылды

Опубликовано:

Сот1
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық соты оқушысы өгей әкесінен зорлық көргенін хабарламаған мектеп директорын жазаға тартты. Лариса Кожахметова аса ауыр қылмысты хабарламағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Жаңақала аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 2019 жылғы наурызда Жаңақала ауданы мектеп-гимназиясының директоры Кожахметова мектеп психологтары мен 5-сынып оқушысынан, қыз балаға қатысты өгей әкесінің сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасағандығын білген.

Артынша Кожахметова өз кабинетінде мектеп қызметкерлерін жинап, бұл мәселеге қатысты жиын өткізген. Сол жиында Кожахметова оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салып, оқушының анасынан қызын басқа мектепке ауыстыруды талап еткен.

Кожахметованың қылмыстық әрекетсіздігі салдарынан қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер өгей әкесімен екі мәрте жасалғаны анықталып отыр.

Сотталушының кінәсі куәлардың, беттестіру жүргізу хаттамаларымен дәлелденеді.

Ал қыз баланың өгей әкесі сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны үшін сот үкімімен 22 жылға бас бостандығынан айырылған.

Прокурор Кожахметоваға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Кожахметова кінәсін мойындаған жоқ.

Қылмыстық кодекстің 434-бабының санкциясымен айыппұл (6 мың АЕК-ке дейін), түзеу жұмыстары, 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығын айыру жазасы көзделген.

"Заң бойынша, егер қылмыс үшін жазаның бірнеше түрі көзделген болса, сот алдымен жазаның жеңіл түрін тағайындау мүмкіндігін қарауы тиіс. Бұл жаза түрін тағайындауға негіз болмаған жағдайда ғана, неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалады. Кожахметованың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, сотта ең қатаң жаза тағайындауға негіз болған жоқ. Сондықтан, сот 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914934-oqusy-ogei-akesinen-zorlyq-korgen-bqo-da-mektep-direktory-zazaga-tartyldy/

pixel