Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

2021 жылдың 26 мамырында Әл-Фараби АПБ қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Қабанбай батыр 18/3 үйде орналасқан ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Cонымен қатар дәл осы ойынхана “Ashyq” бағдарламасына тіркелмей, сағат 22:00-ден кейін де келушілерді қабылдаған. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп келген. Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914935-symkentte-karantin-talaptaryn-buzgan-oiynxana-anyqtaldy/

pixel