RU

Елордада жеткіншекті қаққан шенеуніктің ұлы 30 мың теңге айыппұл төлейді

Көлік
Фото: facebook.com/sara.bersan.1

30 сәуірде қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі басқарма басшысының ұлы жасөспірімді қағып кеткен еді. Бұл оқиғаның қалай аяқталғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 16 жастағы жасөспірімнен дене жарақаттары анықталмаған.

"Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінен жол апатына қатысты жүргізушіге шағымы жоқ екені және одан әрі бұл іске қатысты тексерістен бас тартатыны туралы жазбаша өтініш түсті. Дегенмен, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат жазасыз қалған жоқ. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 600-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - дейді ведомство.

Айта кету керек, ӘҚБтК-нің 600-бабыны сәйкес айыппұл сомасы 10 АЕК-ті құрайды, бұл 29 170 теңгеге тең.

Еске салайық, осыған дейін астанада Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жүгіріп өтпек болған 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткенін жазған едік.

Кейін көлік тізгініндегі 21 жастағы жігіттің мемлекеттік кірістер комитетіндегі басқарма басшысының ұлы екенін анықталды.

Көп ұзамай жол апатына себепкер болған жүргізушінің әкесі ресми мәлімдеме жасады. Ол көпшілік ойлағандай жоғары лауазымды шенеунік емес екенін айтқан болатын.

"Мен қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы қызметін атқарамын және "жоғары лауазымды шенеунік" емеспін. Бұл жайтты саралау, барлық мән-жайын анықтау тиісті шешім қабылдайтын құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді", - деген еді Дамир Нұрғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914945-elordada-zetkinsekti-qaqqan-seneuniktin-balasy-30-myn-tenge-aiyppul-toleidi/