RU

Алматыда жыл соңына дейін тағы екі метро стансасы іске қосылмақ

Метро
Фото: Zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Сарыарқа" және "Достық" метро бекеттерінің құрылысы бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведемство мәліметінше, қала әкімі бекеттерді абаттандыру, жолдарды төсеу және тоннелдерді ұңғылау жұмысының қалай жүріп жатқанын тексерген.

Кеңес барысында мердігерлер Бақытжан Сағынтаевқа жыл соңына дейін екінші бастау кешенін техникалық іске қосатынын және "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерін пайдалануға беруді жоспарлап отырғандарын жеткізген.

Бүгінде "Сарыарқа" бекетінде әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілерді төсеу жұмыстарын аяқтау қалған. Бекет бір вестибюлден және екі кіреберістен тұрады.

Сонымен қатар, бекетте 2 лифт және 8 эскалатор қарастырылған.

"Достық" бекетінде де әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілерді төсеу жұмысы әлі жүріп жатыр. Мұнда екі вестибюль мен алты кіру есігі болады.

"Мамандардың есептеуінше, екінші бастау кешені іске қосылғанда күнделікті жолаушылар ағыны шамамен 85 мың адамды құрайды. Осылайша, метрополитендегі жолаушылар тасымалының көлемі едәуір артады және Абай даңғылының жүктемесі айтарлықтай азаяды", - дейді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу соныңда Бақытжан Сағынтаев туындаған мәселелерді жедел шешуді, тек қала үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды ауқымды құрылысты аяқтау үшін күш-жігерді біріктіруді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915007-almatyda-zyl-sonyna-deiin-tagy-eki-metro-stansasy-iske-qosylmaq/