RU

Синоптиктер 29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматы
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Ертең Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Тек, циклон әсерінен – батыста, ал атмосфералық фронтальды ауа ағынының өтуімен – оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді деп болжанды. Оңтүстік пен батыста шаңды дауыл көтеріліп, батыс пен солтүстік өңірде тұман түседі.

Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

Қарағанды ​​облысында – шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа қарай ойысады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жейін жетеді. Ал 30 мамырда күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шығыс пен оңтүстік-шығыстан 15 метр секундтық жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында – найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. 29-31 мамырда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады деп болжанды.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды. Өрт қаупі бар.

Мегаполистердегі ауа-райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +26, +28 градусқа дейін көтеріліп, ал түнде +8, +10 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда күн ашық. Ауа температурасы күндіз +28, +30, ал түнде +16, +18 градус болады.

Шымкентте синоптиктер күн ыстық және желді болады деп болжайды. Термометр көрсеткіші +34, +36 гардусқа дейін көтеріліп, түнде шамамен +16, +18 градус болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915009-sinoptikter-29-mamyrga-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-zariyalady/